Жырларым

Категория: Поэзия
Жүрегімнен қайиап шығып, жырларым,
Туған қырда жайнап шешек атыңдар.
Сендерде мол болған сайын от, жігер,
Со қадірлІ тіршілікке хақым бар.
Тек сендерде менің барша ой-санам,
МенІң таза жас кезім де сендерде.
Мен сендерсіз ұмыт қалам дуниеде,
Тек сендермен жүрем тірі мен жерде.
Өлең болып өле-олгенше өртеңем,
Жыр боп жаным адалдықты құшқан-ды,
Мен жыр болыл еркелетем досымды,
Жермен-жексен етем жыр боп душпанды.
Алдай алмас мені оцай сый-лэззат,
Алдарқатпас күйкі түрмыс аз күні.
Жырымдағы шындық, жалын, махаббат
Сол ғана тек емірімнін мазмүны.
Өлгенде де адал менің жүрегім
Өлеңімнен атқан ізгі антыма.
Бағыштадым бар жырымды мен елге,
Өмірімді қидым туған халқыма.
Жырлап өттім даңқты күрес жырларын,
Жырларымда тіршіліктің жазы бар.
Мойынымды балтасына жендеттің
Тосқан кезде соңғы жырым жазылар.
Жыр үйретті маған жайсаң өмірді,
Ажалды да қарсы алуды ер болып.
Мүңлы жырдай болса менің өмірім,
Өлімім де жаңғырады жыр болып.
1943